30
январь
2026
«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
«Әже – тәрбие бұлағы, немере – ел үміті»
Мақсаты: «Әже – тәрбие бұлағы, немере – ел үміті» атты іс-шара ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Шараға ересектер тобының әжелері немере қыздарымен бірге қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен таныстырды. Әжелер ақыл-нақыл сөздер айтып, тәрбиелік мәні зор әңгімелерімен бөліссе, немерелерімен бірге өнер көрсетіп, ұлттық рухты айшықтады. Бұл тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойына адамгершілік, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге ықпал етті. Іс-шара әже тәрбиесінің маңызын көрсетіп, ұлттық тәрбиенің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
https://www.instagram.com/reel/DUIWphZiLIB/?igsh=MTh3NnlpdHI3NzFxZw==