КІТАПХАНАҒА САЯХАТ » №61 Нұртас бөбекжай балабақшасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
№61 "Нұртас" бөбекжай балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 462-64-44
Есепші бөлімі:
+7(702) 462-64-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2026

КІТАПХАНАҒА САЯХАТ

Ал-Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасына «Әже, ертегі оқып берші» жобасына қатысу мақсатында барып, балалар экскурсия арқылы кітапхананың жұмысымен, кітап қорымен танысты. Сонымен қатар жаңадан түскен ертегі кітаптарды қарап, олардың мазмұны мен иллюстрацияларымен танысып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара барысында балалар кітапхананың тыныс-тіршілігімен, кітаптарды іздеу және оларды дұрыс пайдалану ережелерімен танысты. Бұл сапар балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдебиетке деген қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ шығармашылық және тілдік қабілеттерін жетілдіруге бағытталды

https://www.instagram.com/p/DUX2VLLCHlv/?igsh=MTgzeHVsZGw5cno0Nw==​​​