"Алматы қаласы Түрксіб ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті"КММ
Логопед-дефектологтың ата-аналарға кеңестері
Әр ата-ана баласының үйлесімді дамығанын армандайды және соған ұмтылады. Баланың мықты және дені сау, ақылды, табысты, жақсы сөйлесе екен деп ойлайды. Сөйлеудің дамуы балада ерекшелігіне байланысты әртүрлі. Егер кейбірі толыққанды сөйлем құрай алса, басқасы алғашқы сөздерін кейін ғана айта бастайды. Әр баланың дамуы жеке дара. Осы ретте бізден кеңес баланың сөйлеуін ынталандыруға әр түрлі жағдай жасау:
- Баланың жалпы моторикасына мән беріңіз, баспалдақтан көтерілуі, екі аяқты қосып секіруі, бір аяқпен секіре алуы. (жас ерекшеліктеріне қарай)
- Ұсақ қол моторикасына жұмыс жасау, қыстырғышты қағазға ілу, бауларды байлай алуы, қарындашты пайдалануы.(жас ерекшеліктеріне қарай)
- Тыныс алуымен жұмыс, мақта, , шар үрлеуге үйрену.
- Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.
- Ата-ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз - бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
6. Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.
7. Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер арасындағы үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.
8. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.
9. Дұрыс сөйлеудің мағынасы кез келген мамандық иесі үшін зор. Баланың дұрыс сөйлей алмауы басқалармен араласуды қиындатады, оның жалпы дамуына, мінезіне әсер етеді және болашақта оның мектепте үлгермеуінің себебі болуы мүмкін.
Логопед-дефектолог Раманқұл Р.