"Балабақша - балдәуреннің бақ мекені" » №61 Нұртас бөбекжай балабақшасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
№61 "Нұртас" бөбекжай балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 462-64-44
Есепші бөлімі:
+7(702) 462-64-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балабақша - балдәуреннің бақ мекені"
17
август
2022

"Балабақша - балдәуреннің бақ мекені"


Бала біздің өміріміздің мәні де, сәні де, салтанатты, махаббаты. Біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті, әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы баға жетпес бақыты. Бала тәрбиесі өте күрделі мәселе, әрине тәрбие бастауы тек отбасындан ғана емес, балабақшаның қосар үлесі зор. Бала шыбықтай иілгіш, оны кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, сапалы білім саналы тәрбие беру балабақша мақсаты.

Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.

Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.Адам бойында ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен бесігінді түзе – деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы керек.

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік –экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңестігіне өтуі білім беру саласында ,соның ішінде мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай  өзгерістерді талап етіп отыр.Тәрбие мен білім –егіз.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі   болып отыр. Егемен еліміздің талыбына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,қазірге заманға  сай  білімді де тәрбиелі  ұрпақ   тәрбиелеу –білімді,жан-жақты   тәрбиешілердің еншісінде.Заман өзгерген сайын   балалардың тілін ,сөз қорын дамыту үшін    жаңа технологияны қолдану жаңа әдіс –тәсілдер  үздіксіз тәрбие беру мен білім  сапасын арттырады.Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі.  Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.

Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу.    

Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Сондықтан да бақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін –сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.

Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ жастарымызды тәрбиелейік. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады.  

Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік.