Бөбекжай-бақша тарихынан жалпы мәлімет
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп,Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты МКҚК №61 «Нұртас» бөбекжай- бақшасы , Қаратау ауданы, 190 орам 3449 үйде орналасқан.
МКҚК №61»Нұртас» бөбекжай-бақшасының Жарғысы
Шымкент қаласы әкімдігінің 03.08.2018 жылы №80 (қайта) бекітілген.
Балабақша 2016 жылы маусым айында ашылды.
Бөбекжай-бақша аумағы 1,2 га құрайды.
Ғимарат типтік үлгіде салынған,екі қабатты,18 топтық,қуаттылығы 430 орын.Ғимарат жылу ,су,электр жүйелерімен қамтамасыз етілген,кәріз құбырлары (септик) телекоммуникациямен қамтамасыз етілген,интернет қосылған,өртке қарсы дабыл(сигнализация) орнатылған.Балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,қолайлы және қауіпсіз орта жасау үшін,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына сәйкес:
- білім беру ұйымының ғимаратына кіруді бақылауды ұйымдастыру
- кіруді бақылау және басқару жүйесі турникеттің бар болуы;(қарапайым,бет тану)бар
- хабарландыру жүйесінің бар болуы(дабыл түймесі); бар
- күзет қызметі субъектілерінің болуы;бар
Арнайы күзетшілермен қамтамасыз етілген,ғимарттың іші –сыртында,топтарды бейне бақылау орнатылған.
- Жалпы саны -52
- Ғимараттың ішінде -47
- Ғимараттың сыртында-5
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тосқауылсыз ортаның бар болуы; бар
- Пандус, тактильді жолдар және арнайы әжетхана.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігі «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы және (өзгерістер мен толықтырулар) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы
9 шілдедегі №59 бұйрығына сәйкес:
Асхана ,азық –түлік сақтайтын қойма,кір жууатын бөлмелер мен шаруашылық заттарын сақтайтын қойма бар. Медициналық қажетті құралдармен және оқшаулау бөлмелерімен қамтылған, арнайы медициналық лицензиясы бар бөлмелер қарастырылған.
Барлық топтар балалардың жас ерекшіліктеріне қарай қажетті жиһаздар мен, оқу-әдістемелік құралдармен , заман талабына сай материалдық – техникалық базамен қамтамасыз етілген. Әр - бір топта киім шешетін бөлме, ойын бөлме, жататын бөлме, ас тарататын бөлме және әжетхана бар. Аулада балалар ойын алаңшалары, ойын құралдары және санитарлық нормаға толық жауап бере алатын беседкалар орнатылған. Балалар балабақшаға Қазақстан Республикасының «ИНДИГО» ашық электронды жүйесі арқылы, электронды жолдама бойынша 1 жастан бастап қабылданады. Балабақша жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығымен жұмыс жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектеп алды даярлық сыныптарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес:
-басталуы 8:00
-аяталуы 18:30 жүргізіледі.
Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.
Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.
1
Бөбекжай-бақша жалпы – 18 топтық, 430 орынға негізделді.
Бөбекжай-бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
-ерте жас тобы /1 жастан
-кіші топ /2жастан/
-ортаңғы топ /3 жастан/
-ересек топ /4жастан/
-МАД топ /5жастан/
Бөбекжай- бақша өз қызметін мемлекеттік тілде жүргізеді. Бөбекжай-бақшаның жұмысын Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына сай жүргізу үшін, білікті педагогтар және жас мамандар, кіші қызметкерлер қамтылып, жұмысқа қабылданды. Балабақшада жалпы қызметкерлер саны 81,педагогтар саны -46,кіші қызметкерлер саны 35. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметін жүйелендіру, біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Түркістан облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында педагогтар біліктілігін жетілдірді.
2017 жылы «Педагог» әдістемелік кеңес орталығы «Step by step», «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу тәрбие үрдісін «Step by step» технологиясы негізінде жобалау тақырыбындпа оқыту курсы 36 сағат ұйымдастырылып, педагогтарға сертификаттар табысталды.
2017 жылы «ОҚО СӨСҚО» ЖШС ұйымдастырылған «Әкем, анам, мен –біз дені сау отбасы» ұранымен өткен отбасылық жарыстың жеңімпазы Әшірбаевтар отбасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
13.02.-18.02.2017- 15.12.2018 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлері жаңа технологияны оқытуды жоғары деңгейде көтеру мақсатында өз білімдерін жетілдірді.
2018-2019 жылдары бақшамыздың ересектер тобының тәрбиеленушілері Халықаралық «Пони» конкурсынан 5 тәрбиеші және 16 тәрбиеленуші мадақтау қағазы мен арнайы дипломдарға ие болды.
2018 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Шығармашылық педагог» номинациясы бойынша тәрбиеші Кожахметова Улзада Есенгельдиевнаға Алғыс хат берілді.
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасынан 5 педагог алғыс хатпен марапатталды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен 5 педаготарымыз алғыс хатпен марапатталды.
Желтоқсан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қаламызда ұйымдастырылған «Тәуелсіздік және Елбасы» балалардың мәнерлеп оқу қалалық байқауында бақшамыздың тәрбиеленушісі Беркімбек Жібек жүлделі орынға ие болды.
2018 жылы бақшамыздың тәрбиеші Алдиярова Ж.К. «Ұстаз –өзгеріс жаршысы» кіші жобаны жүзеге асыру мақсатында өткен республикалық ғылыми-әдістемелік «ONLINE» семинарында құнды баяндама жасағаны үшін сертификат берілді.
21.02.2019 жылы бақшада «Ұлы дала сыр шертеді» тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндеріне халқымыздың тарихи құндылықтарын таныта отырып, ел жәдігерлерін рухани жаңғыру арқылы дәріптеу. Бала бойына елжандылықты, ұлтжандылықты сіңіре отырып, төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақты тәрбиелеу.
«Жас тарихшылар ізденеді» (Коммуникация,Шығармашылық), «Алма бауға саяхат» (Таным,Коммуникация), «Ертөстік» (Коммуникация,Шығармашылық), «Ең әдемі гүл» (Коммуникация,Әлеумет,Шығармашылық), «Р» дыбысының адамдармен саяхаты» (логопед), «Ойлай да,ойнай да білеміз!» (психолог), «Қасиетті алып қазан» (Коммуникация,Шығармашылық), «Жайлау көркі бізбенен» (Денсаулық), «Алманың құпиясы» (Комуникация ,Шығармашылық), «Құлпырған қыр қызғалдақтары» (Таным,Шығармашылық) , «Жылқы малдың патшасы» (Таным,Шығармашылық), «Сиқырлы жол» (Таным, Шығармашылық), «Ұлы дала сазы» (Шығармашылық) концерттік бағдарлама, тренинг (кері байланыс) өткізілді.
Семинарды қорытындылау мақсатында ардагер ұстаздар Б.Ж.Ноғайбекова, Әнуар Бейсе, Т.Демеуқызы т.б семинарға қатысушылар,семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілік дағдыларын дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылғанын, жаңашыл технологиялар ендіріп, ата-аналармен жұмыс формалар, жұмыс мазмұнын және балабақша педагогтары балалардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз етуді мектеп жасына дейінгі баланы дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын кәсіби деңгейде көрсете білді.Келген ұлағатты ұстаздар балабақша бүлдіршіндеріне және педагогтарына, қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
«Педагог» әдістемелік кеңес беру орталығының директоры Б.С.Ноғайбековадан балабақшамыздың 5 педагогтарын алғыс хатпен марапаттады.
2019 жылы «INTELLECTUM» білім беру орталығының «Интеллектуалдық дамыту ойындарын дидактикалық құрал ретінде қолдану» тақырыбы бойынша тәрбиеші Иманкулова М.М. сертификат алды.
2019-2020 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрінің 3 –педагог қызметкерлеріміз Алғыс хатпен марапатталды.
10- педагог қызметкер «ОҚО,Шымкент қаласы бойынша білім,спорт және мәдениет қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ төрағасы Б.Жүзімбаевтан құттықтау хатын алды.
Республикалық «Өрлеу» порталы 7 мамыр –Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні мерекелеріне орай «Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты байқаудан жүлделі орындарға ие болды.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хаттарымен марапатталды.
2019 жылы Шымкент қаласы білім басқармасының 6- педагог қызметкерлер мақтау қағазымен марапатталды.
2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жұлдыз» республикалық жас өнерпаздар шығармашылық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен хореография номинациясы бойынша лауреат атанды.
2020-2021 жылдары Международный центр развития «BECLEVER» ұйымдастыруымен «Көктем бояуы»атты ІV Халықаралық суреттер,фота, қол өнер шығармашылық байқауына қатысып бірнеше бүлдіршіндер мақтау қағазымен марапатталды.
«Бала дарын» балалар мен жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен «анашым шалқып күлсең» атты республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды.
2020 жылы Қазақстан Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай,балабақшамызда «Әлем таныған ұлы Абай» музыкалық іс-шара өткізілді.Іс –шараға бақша қызметкерлері және тәрбиеленушілер қатысты.Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар,табиғат лирикасына тоқталып өтті.Тәрбиеші Ибрагимова С.К. Абайдың 40 –шы қара сөзін мәнерлеп оқып,Тәрбиеші Исаева А.Б. «Көзімнің қарасы»,музыка жетекшісі А.К.Даулетаев «Айттым саған қаламқас» әнін,барлық қызметкерлер қатысуымен «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен айтып кештің сәнін келтірді. Қаратау ауданы балабақшалар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындаған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық іс –шараға қатысып жүлделі І орынға иеленді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының әлемде коронавирустық инфекциясының таралуына «пандемия»-деп,төтенше жағдай жариялауына байланысты және Шымкент қаласының білім басқармасы қала әкімінің төралығымен өткен 2020 жылғы 23 наурыздағы «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссия» отырысының №3 хаттамасына және Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы 24 наурыздағы «Санитарлық –індетке қарсы және санитарлық –профилактикалық іс –шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес жұмыс тоқтатылды.
30.04.2021 жылы Шымкент қаласының әдістемелік орталығы ұйымдастырған «AQUAPONICS, HYDROPONIS» қалалық вибинар -семинары бақшамызда өткізілді.8 ортаңғы,ересек және мектепалды даярлық топтары«AQUAPONICS ,HYDROPONIS» табиғи тыңайтқыштармен әдісімен тәжірбие жұмыстарын Жамбырбаева А.Исаева ,Тагаева Д, Аширбаева Ш, Мантбекова К. т.б.көрсетті.
2020 жылы балабақшада төтенше жағдай кезінде барлық тәрбиешілер «ZOOM» платформасы арқылы ,Білім кидс арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоғары деңгейде өткізді. #Біз біргеміз,Біз үйдеміз! челлендж ұйымдастырылды ,сонымен бірге «Қазақстан жұлдыздары» республикалық шығармашылық «Біз біргеміз,біз үйдеміз» интернет-байқауына ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
2021 жылы Ы.Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» атты Республикалық өнер байқауына қатысып, екі педагог қызметкерлер мен бүлдіршіндеріміз алғыс хаттармен, сонымен қатар Шымкент қаласының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Ыбрайдың әңгімелері сахнада» атты сайыс өткізілді.
«Жыр атасы –Жамбыл» атты Республикалық өнер байқауына қатысып бақша педагогтарымен бүлдіршіндері алғыс хаттарға ие болды.
Жоғарыда баяндалған жұмыстармен қоса, балабақшамыздың жылдық жоспарына сәйкес, жыл сайын 1 қыркүйек «Білім күні», «Алтын күз», «Жаңа жыл!», «Аналар мерекесі» , «Әз –Наурыз!» 1 маусым Балалар қорғау күні» меркелеріне орай ,меркелік іс-шаралар, ертеңгіліктер, әр -түрлі сайыстар және балабақша қызметкерлері мен педагогтар арасында түрлі іс –шаралар сайыстар өткізді.
Балабақшаның сеніп тапсырылған мүліктер мен қаржысының ұтымды, тиімді, ысырапсыз, дұрыс пайдалануы мен жұмсалуын қадағалау бойынша арнайы бұйрықтармен жауапты қызметкерлерге бекітіліп бақалау жүргізілуде.
Жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында балабақшаның қажеттілігіне және балалардың сапалы тәрбие мен білім алуына қол жеткізу үшін ресурстардың мол тандауын қамтамасыз ету мақсатында, материалдық базаны толықтырып отыруға үлкен көңіл бөлінуде.
Балабақшаның педагогтеры Республикалық және қалалық басылымдарға өздерінін мақалаларын, баяндамаларын жариялап, дипломдармен, Алғыс хаттармен, Сертификаттармен марапатталды.
Атап айтар болсақ,олар төменде көрсетілгендей:
2020жылы «Ұлт ұстазы» журналында «Отбасындағы тәрбиенің ерекшілігі», «Әдіскер –балабақша жүрегі» Стаева А.С,» «Жыл мезгілдері» С.Птыралиева, «Біз шыныққан баламыз» А.Алибекова, «Музыка әлеміне саяхат» Ә.Жұман, «Қауіпсіз ережелері өрт қауіпсізідігі» Н.Корганбаева, «Жылдам ойлан» Ж.Аскарова. «Домашние животные» Д.Жакипова , «Бояулар әлеміне саяхат» Ж.Жылыбаева, «Табиғатқа саяхат Әә дыбысы мен әріпі» Б.Мадибекова , «Әдепті бала –арлы бала» Ф.Пейсенова, «Дыбыстар мен әріптер» Ш.Ошаева, «Тәуелсіздік тұғыры биікте» Д.Тагаева, «Математикадағы жеті түсті гүл» Ж.Алдиярова, «Әдемі орамал» Ж.Отарбекова, «Мен жіне менің отбасым» М.Керимбаева, «Әтеш пен тоты ертегісі» Б.Байдулла, «Дыбыстарды айтып үйренейік» Ж.Рыскулбекова, «Ауылдағы адам еңбегі» М.Мырзатаева ,мақалалары мен ұйымдастырылған оқу қызметтері жарияланды.
Республикалық ғылыми-әдістемелік «Педагогикалық шеберлік» журналына бақшамыздың тәрбиешілері Мадибекова Б.А. Кожахметова У.Е. Исаева А.Б. «Жаңа форматтағы білім беру жүйесін дамытуда қашықтықтан оқытудың рөлі», «Қашықтықтан оқыту –заман талабы» мақалалары жариялап ,мақтау громоталарына ие болды. Сонымен бірге «Білім еліне саяхат», «Жануарлар емшісі» атты тақырыптары бойынша ұйымдастырылғапн оқу қызметтерін жариялады.
«BILIM AINASY» журналдарына тәрбиеші Мадибекова Б.А. «Қасиетті алып қазан», тәрбиеші Жамбырбаева А. Е. «Алманың құпиясы», «Қазақ халқы пір тұтқан жылқы –малдың патшасы!» , «Құлпырған қыр қызғалдағы» ұйымдастырылған оқу қызметі жарияланды.
2021 жылы «BilimKids.kz платформасында өткен «Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауына белсенді қатысқаны үшін Мадибекова Б.А. сертификатқа иеленді.
Сонымен бірге басқада педагог қызметкерлері 2020-2021 оқу жылдарында Республикалық және қала аумағындағы басылымдарға өз еңбектерін жариялап ,арнайы Дипломдармен ,Алғыс хат,және Сертификаттарға ие болды.
2022 жылы Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының баспасында «Инновация мектепке дейінгі ұйымдарда» Мадибекова Б.А. «Ұлттық құндылықтар» Ибрагимова С.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері» Отарбекова Ж.С. мақалалары жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығына бақшамыздың меңгерушісі, ,логопедтері «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық аспектілері» №0395543 ;2021ж сертификаттар алды.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша балабақшаның тәрбиешілері «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы акционерлік қоғамынан 2022 жылы сертификаттар алды.
Сонымен қатар балабақша ұжымы ,педагог қызметкерлер,бүлдіршіндеріміз Республика және қалалық бойынша алынған марапаттары: Құрмет рамотасы,Мақтау қағаздар,алғыс хаттары:
1. «Nur Otan» партиясының Алғыс хаты 2020 жылы Мадибекова Б.А.
2. Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің Алғыс хаты тәрбиеші Мадибекова Б.А. 2021ж
3. Международной интернет-олимпиады «Солнечный свет» по развитию речи для дошкольников» І орын 2020жылы тәрбиеші Ерсұлтан А.А.
4. Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» Құрмет грамотасы Мантбекова К.Т. 2020жылы
5. «Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес» Республикалық байқауға қашықтықтан бақшамыздың төмендегі тәрбиешілеріміз және тәрбиеленушілеріміз қатысып Алғыс хаттар,дипломдарға ие болды.Олар Мадибекова Б.А.,Исаева А.Б,Иманкулова М.М,Кожахметова У.Е,
6. «Бала дарын» байқауы «Анашым шалқып күлсең...» және «Ұлттық онлайн олимпиадалар» байқауына шәкірт дайындағаны үшін тәрбиешілер Алғыс хаттарға иеленді 2021 жылы
7. «KEMEL» өнер орталығының «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін тәрбиешілер Алғыс хатқа иеленді 2021ж Алдиярова Ж.К.
8. «Ұлы жеңістің қаһармандары» республикалық байқауда Алғыс хатқа Пейсенова Т.,Жамбырбаева А.Е,Мырзатаева М.К.Исаева А.Б.Мантбекова К.Байтасова Ж. иеленді 2021ж
9. «Соңғы қоңырау-2021» байқауына қатысып грамотаға иеленді.2021ж
10. «Дарын» орталығының «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы «Әнші балапан» номинациясы бойынша Тоқсанбаева Нурила ІІІ дәрежелі дипломен марапатталды.2021ж
11. «Сәнқой балақай» номинациясы бойынша Асан Ардана І дәрежелі дипломмен марапатталды.2021ж
12. «Көктем бояуы» «IV Халықаралық суреттер шығармашылық байқауға тәрбиеленушілер қатысып,жетекші Мырзатаева М.К./Сүлеймен О,Байтасова Ж/Жомарт Р,Нұрлықұл Айлин,Керимбаева М.Е/Аблайхан Д,Зауытбек Рахманәлі дипломдарға ие болды.
13. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы ұйымдастырған «DANA BALA» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» тақырыбында өткен іс-шарада балабақшаның ата-анасы Бегимбетова Раушан Махсатқызы Алғыс хатқа иеленді.2022ж
14. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы Балалар жылына «Балалық шағымның шуақты биі» қалалық байқауда «Үздік костюм»номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.2022ж
15. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен балалар жылы аясында өткен «Шымырлық пен шеберлік» күні» байқауында «Үздік қолөнер» дипломымен марапатталды.2022ж.
Балабақша меңгерушісі Айжан Ибадуллаевна Елшибаеваның Марапатталды,Алғыс хаттары:
1. «Бақытты балалық» республикалық байқауы Алғыс хаты 2017ж
2. Қала әкімі Н.Сауранбаевтың Алғыс хаты 2018ж
3. Шымкент қалалық білім басқармасының Алғыс хаты 2019ж
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты 2019ж
5. Шымкент қаласы білім басқармасының Алғыс хаты 2019ж
6. Шымкент қаласы білім басқармасының Алғыс хаты 2019ж
7. «Дарын» орталығының Алғыс хаты 2020 жыл
8. Әдістемелік орталығының Мадақтамасы 2020ж
9. ОҚО Шымкент қаласы білім,спорт және мәдениет қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Алғыс хаты 2021ж
10. Шымкент қаласы мәслихатының Грамотасы 2021ж
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты 2021ж
12. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Алғыс хаты 2021ж
13. «Nur Otan» партиясы Қаратау ауданының Алғыс хаты 2021ж
14. Шымкент қаласы Қаратау аудан әкімінің Алғыс хаты 2021ж
15. Әдістемелік орталығынының Мадақтамасы 2021ж
16. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының Мадақтамасы 2022ж
17. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен балалар жылы аясында Мадақтама 2022ж
18. Республикалық «Өрлеу» порталының І дәрежелі дипломы 2022ж
19. Қала әкімінің Алғыс хаты 2022 жыл
20. Балабақша меңгерушісінің басылымда жарық көрген мақалалары:
2022 жылы «Педагогикалық менеджмент-басқару қызметінің мәдениетін дамыту» Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» баспасы «Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару».
