Елшибаева Айжан Ибадуллаевна
Мен, Елшибаева Айжан Ибадуллаевна 1974 жылдың 11 қазанында ОҚО, Шымкент қаласы, Абай ауданында дүниеге келдім. Әкем Елшибаев Ибадулла МАИ қызметкері болған. Анам Рысқұлова Әтіркүл 41 жыл ұстаздық қызмет еткен, зейнеткер. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелендік. Бауырларым жоғары білімді азаматтар. 1981-1991 жылдары қаладағы №26 Жамбыл атындағы орта мектепте білім алдым. 1991-1995 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірдім.