25
август
2022
«Шымырлық пен шеберлік» күні
Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әдістемелік орталықтың ұйымдастыруы мен « Шымырлық пен шеберлік күні» тақырыбындағы қалалық байқауға №61 «Нұртас» бөбекжай- бақшасы да қатысты.
Әдеп –ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Ата салтым,асыл мұрам,ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Байқауда балабақша тәрбиеленушілері ата-әже, әке аналарымен бірлесе өнер көрсетті.Балалар бұл байқаудан мол өнеге ала білді.Байқаудың шымылдығын балабақша бүлдіршіндері «Бипыл,бипыл» биімен ашты. «Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» балалар мен ата- әжелердің арасында көне мұралармен,киіз үй,ас үй ыдыстары.(ағаштан жасалатын бұйымдар),жылқы,оның қасиеті туралы (саумал,қымыз),мал терісінен жасалатын бұйымдар:қамшы туралы,жасалу жолы,оның қасиеті,мал жүнінен жасалатын бұйымдар: тоқма тоқу,жіп иіру,кесте,кілем,темірден жасалатын бұйымдар.Зергелік бұйымдарымен (қыз баласының бұйымдары,бұрымды қыз) байқау , сонымен бірге ұлттық ойын«Ханталапай», «Бұқа тарту» ұйымдастырылды. Бөбекжай-бақша тәрбиешілері дайындаған қолөнер бұйымдары көрмесі, «Ауылға сағыныш» әні орындалды.
Біздің ұжымның алға қойған мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру және бала тәрбиесінде ата-анамен өзара ықпалдастықты нығайту.