04
ноябрь
2022
"Ашық есік" күні
Балабақшада ата-аналармен жұмысты жандандыру мақсатында "Ашық есік" күні өткізілді. Ата-аналарға балабақшаның жұмыс тәртібі таныстырылып, балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар туралы есеп берілді. Балалардың топ бөлмелері, жатын бөлмесі, дәретхана, ас блоктары таныстырылды. Сонымен қатар музыка, спорт залдары, логопед, психолог жұмыстары көрсетілді. Медбике кабинеті, кір жуу бөлмесі, ас бөлмелерімен, шаруашылық заттары және қауіпсіздік үшін жасалған құрылғылар толық таныстырылып, көрсетілді.






