24
август
2022
«Балалар жылына» арналған іс-шара жоспары
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – дей келе еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биылғы 2022 жыл барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін» – деді. Балалар жылына орай №61 "Нұртас" бөбекжай-бақшасында әр топ тәрбиешісі ата-аналармен онлайн түрде төменде көрсетілген тақырыпта дөңгелек үстел жүргізілді:
"Балбөбек" ерте жас тобы. Тақырыбы: "Отбасы тәрбиенің ұясы" Тәрбиешісі:Давлетбаева А.С
№1 "Қарлығаш" кіші тобы. Тақырыбы: "Адамның бір қызығы бала деген" Тәрбиешілері: Арынтаева Г. Иманкулова М.
№3 "Айгөлек" кіші тобы. Тақырыбы: "Отбасындағы баланың тәрбиесі" Тәрбиешілері: Жамбырбаева А., Ажимбетова Н.
№4 "Құлыншақ" кіші тобы. Тақырыбы: "Адамның бір қызығы бала деген" Тәрбиешілері: Иманкулова М. Отарбекова Ж.
№3"Бәйшешек" ортаңғы тобы. Тақырыбы: "Тәрбие – отбасынан басталады" Тәрбиешілері: Пейсенова Ф., Байдулла Б.
№2"Балдәурен" ортаңғы тобы. Тақырыбы: "Отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығы" Тәрбиешісі: Исаева А.
№4" Қызғалдақ" ортаңғы тобы. Тақырыбы: "Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" Тәрбиешілері: Ибрагимова С., Қорғанбаева Н.
"Балапан" ортаңғы тобы. Тақырыбы: "Отбасы – тәрбие бастауы" Тәрбиешілері: Шілтенбаева Р.,Тастанбекова Н.
"Бәйтерек" ортаңғы тобы. Тақырыбы: "Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын" Тәрбиешілері: Алдиярова Ж., Керімбаева М.
№1" Балауса " ересек тобы. Тақырыбы: «Балаларды тәрбиелеу – еңбек әрі борыш» Тәрбиешілері: Аширбаева Ш.Б., Тагаева Д.Б
№3 «Жауқазын» ересектер тобы. Тақырыбы: «Баланы тәрбиелеу – ертеңгі қуанышқа толы келешек жолын тәрбиелеу» Тәрбиешілері: Птыралиева С., Ерсұлтан А.
№2 "Ұлан" мектепалды даярлық тобы. Тақырыбы: «Тәрбиелі – тәртіптің құлы!» Тәрбиешісі: Мадибекова Б.
№3 "Күншуақ" мектепалды даярлық тобы. Тақырыбы: "Тәрбие – тал бесіктен" Тәрбиешілері: Ошаева Ш. Мырзатаева М.
"Ақсұңқар" мектепалды даярлық тобы. Тақырыбы: "Тәрбиелі ұрпақ – болашақтың кепілі!" Тәрбиешілері: Мантбекова Қ., Рысқұлбекова Ж.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты:
- бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
- балабақшаға позитивтік қатынастарын арттыру;
- әлеуметтік тәрбиені жетілдіру;
- қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу;
- бір-бірімен сұхбаттасу.