«Əжемнің ертегісі» іс-шарасы » №61 Нұртас бөбекжай балабақшасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
№61 "Нұртас" бөбекжай балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 462-64-44
Есепші бөлімі:
+7(702) 462-64-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
август
2022

«Əжемнің ертегісі» іс-шарасы


   Шымкент қаласы   мектепке дейінгі  білім беру  ұйымдары   арасында  «Әжемнің ертегісі»  әдістемелік    орталықтың  ұйымдастыруы мен  №61 «Нұртас»   бөбекжай- бақша бүлдіршіндерін Отанын, тілін сүюге, қастерлеуге тəрбиелеу, халық ертегілерін насихаттау мақсатында «Əжемнің ертегісі» іс-шарасы бастау алған болатын.

     Ата-әжелердің  ертегісі – ойын іс-шараларына қатысуы арқылы шығармашылық байланысын қолдауға, отбасындағы ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жалғастыруға, сонымен бірге ата-әженің отбасындағы рөлін, ең алдымен рухани құндылықтардың аудармашысы ретінде анықтауға бағытталған. «Әжемнің ертегісі»  атта іс-шараға  Ерлан Балкерімнің әжесі «Түлкі,Тасбақа,Кене» ертегісін айтып  немерелерін  ертегімен сусындатты.

     Біздің   балабақша бүлдіршіндері əжелердің айтуымен қазақ ертегілерін тыңдап, қариялардың ақыл-өсиеттерінен үлгі алуда.Күнделікті тəрбиешінің, ата-анасының ғана емес, кимешек киген əжелердің айтуымен ертегілер арқылы баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру шарасы    барлық балабақшаларда жалғасын табуда.