«Мен зерттеушімін» атты байқау » №61 Нұртас бөбекжай балабақшасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
№61 "Нұртас" бөбекжай балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 462-64-44
Есепші бөлімі:
+7(702) 462-64-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен зерттеушімін» атты байқау
22
август
2022

«Мен зерттеушімін» атты байқау

       Шымкент қаласы білім басқармасының  «Әдістемелік орталығы» КММ-нің «DANA BALA» жобасы аясында «Мен зерттеушімін» атты байқауға №61 «Нұртас» бөбекжай-бақшаның «Ақ көгершін»   ересек тобы қатысты.

Жоба мәтіні: «Су  мен   тұздың  қасиеті,ерекшілігі»

Балалар бүгінгі зерттеу   жұмысында  судың үш түрлі  қалыптағы жағдайындағы  жұмыртқаның қандай  күйге   түсетінін көрді. Кристалдың  кез келген затты көтере білуін түсінді.Тұзды суға салынған жұмыртқа су бетіне  қалқып шықты,ал таза судағы жұмыртқа су түбіне батып кетті,ал таза сумен тұзды суды   араластырып  салған жұмыртқамыз екі  судың ортасында қалқып жүретініне  балалардың көзі жетті.

Қорытынды: су  құрамындағы  тұз кристалының қаншалықты әсер беретіндігін көріп,зерттеді.

      Қатты  су (мұз) бетіне  тұз сеуіп,   түрлі –түсті  бояумен оө-өрнек түсіру арқылы,өзгерісті   байқайды,зерттейді. Мұндада тұз құрамындағы  кристалдың мұзды  еріте отырып,бояудың өрнегін көрсететінін дәлелдеді.

Қорытынды: қатты су бетіндегі тұз кристалының әсерін зерттеді.