28
ноябрь
2022
"Әр бала бір жұлдыз" атты байқауы
Біздің халық өнерге бай әрі өнерлі. №61Нұртас бөбекжай-бақшасының кішкентай бүлдіршіндеріде өнерден кенде емес.Әнімізді әуелетіп 23ші қараша күні №56 "Тұлпар" бөбекжай-бақшасына "Әр бала бір жұлдыз" атты байқауға қатысып келдік. Әнші, талантты деген 22 баланы хор сайысы бойынша бағымызды сынап қайттық. Балалар үмітімізді ақтап әндерін шырқап, өлеңнен қалмай әдемі болып ортаға шығып жақсы шығарылым көрсетті.Әннің атауы "Қазақ елі" авторлары: А, Асылбеков, М. Оразбаев. Музыка жетекшілері: Әскербекова Нурила, Пейсенова Тумаргүл. Бүлдіршіндеріміз көптеген өзімен қатарлас балалардың өнерін көріп, шабыт алып өмірге құштарлықтары арта тусті. Бұл біз үшін жақсы көңіл куй сыйлап, мәз мейрам болып қайттық.







